ЖАҢАЛЫҚТАР
Серікбай Тілеубаев 70 жаста! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.04.2010 15:53

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Серікбай Тілеубаев 70 жасқа толды. Осыған байланысты 22-29 сәуір күндері Тараз қаласында тоғызқұмалақтан мерейтой иесінің құрметіне арналған ардагерлер чемпионаты өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатында С. Тілеубаевтың 70 жылдығына арналған конференция өтті. Конференцияның ресми құттықтауларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Құрметті Серікбай Тілеубайұлы!

 

Қазақстан Республикасының  Туризм және спорт Министрлігі Спорт комитетінің ұжымы және өз атымнан Сізді 70 жасқа толған мерекелі туған күніңізбен құттықтаймын!

               Сіз тоғызқұмалақ спортының ел өңірлерінде дамытудың бастауларында тұрсыз. Жасөспірімдердің ақыл-ойын шыңдауда, ми қызметін жетілдіруде ерекше қызметі бар ойынның жүйелі арнаға түсіп, өркендеуінде 1974 жылы өзіңіз ойлап тапқан жарыс тақтасының маңызы зор болды. Тоғызқұмалақтың бұқаралық сипатын арттыруда телеарналар мен ақпарат құралдарында үздіксіз жазған мақалаларыңыз бен сұхбаттарыңыздың да орны ерекше. Тәуелсіздік алған жылдары Сіздің жазған еңбектеріңіздің арқасында ұлттық ойын әдістемелік жағынан жаңарып, жаңғыру жолына түсті.

               Сіздің ағартушылық-насихаттаушылық жұмыстарыңыздан басқа, ұстаздық жолыңыздың өзі бір төбе. 1983 жылдан бүгінгі күнге дейін 20-дан астам спорт шеберін дайындағаныңыз осының айғағы. Қазақстан Республикасының жеңімпаздары болған Н.Құрманқұлов, Ғ.Қазыбеков, А.Мамеков секілді шәкірттеріңіз тек Жамбыл облысы ғана емес, еліміздің  де мақтанышы. Осы ұстаздық, қайраткерлік және қоғамдық жұмыстарыңыздың жемісі ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және ҚР Құрметті спорт  қайраткері атақтарына ие болдыңыз. 

Құрметті Серікбай Тілеубайұлы! 70 жасқа толған шабытты шалқар шағыңызда Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!    

 

Ізгі тілекпен,төраға                                                  Е.Б.Қанағатов    

 

 

Құрметті Серікбай Тілеубайұлы!

 

Сізді Қазақстан Республикасының  Тоғызқұмалақ Қауымдастығы және өз атымнан 70 жасқа толған  туған күніңізбен құттықтаймын!

               Сіз ­ - тоғызқұмалақ спортының тағдырлы, өнегелі тарихында өркендеп дамуы үшін еңбек еткен санаулы тұлғалардың бірісіз. Түркі халықтарының баға жетпес мұрасына жаңашылдық сипатымен келген өнертапқыштық  еңбегіңіз – 1974 жылы тоғызқұмалақтың жарыс тақтасын ойлап табуыңыз болды. Осы ізденісіңіздң арқасында ұлттық ойынның бұқаралық сипаты артып, ел өңірлерінде қарыштап дами бастады. Жарыстың бір мезгілде ойнау, жылдам ойнау сияқты түрлерін жүргізуге мүмкіндік туды. 

Тоғызқұмалақты көпшіліктің арасында дамыту үшін де тынбай ағартушылық жұмыс жасадыңыз. «Тоғызқұмалақ әліппесі» кітабында ойын бастамаларын зерттеудің соны үлгісін жасап, терминологиялық атауларды бір ізге түсірдіңіз. 40 жылғы шығармашылық ғұмырыңызда 100-ден астам мақала мен сұхбаттар жарияладыңыз. Мұның барлығы ұлттық ойынның танымы мен тағылымын арттырып, бұқара арасында кеңінен танылуына әсер етті. 

               Сіз алғаш рет 1983 жылы Жаңатас қаласында тоғызқұмалақ үйірмесін ашып, шәкірттер тәрбиеледіңіз. Осының арқасында Жамбыл тоғызқұмалақ мектебі қалыптасып, одан түлеп ұшқан көптеген спортшылар Қазақстан Республикасының жеңімпаздары болдары. Осы мектептің арқасында Қазақстанның спорт шеберлерінің саны жиырмадан астам озық спортшылармен толықты. Сіз қажырлы, қайратты еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және ҚР Құрметті спорт  қайраткері атақтарына ие болдыңыз. Мұның барлығы өсіп келе жатқан жас буын, жолыңызды қуған шәкірттеріңіз үшін үлкен өнеге!

Құрметті Серікбай Тілеубайұлы! 70 жасқа толған кемелденген  шағыңызда Сізге және отбасыңызға шығармашылық шабыт, адами бақыт, берекелі ғұмыр  тілеймін!   

 

Ізгі тілекпен, Қауымдастық төрағасы          А.М.Байменов

 

 

Енгізілген уақыты : 26.04.2010 15:59
 
Айдос пен Әсел стипендия иегері. PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.04.2010 15:46
Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігі Спорт Комитеті Тоғызқұмалақтан 2009 жылғы ерлер және қыздар арасындағы ең үздік ойыншылар Х.Д.С.Ш. Айдос Сейтжанов пен Х.Д.С.Ш. Әсел Далиеваға стипендия тағайындады. Олар бір жыл бойы үздіксіз шәкіртақы алады.
 
Қызылордалық жасөспірімдер зияткерліктерін дәлелдеді. PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.04.2010 15:41

2010 жылдың 24-31 наурыз аралығында Кентау қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатына 13 облыс, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 214 спортшы қатысты. Оның ішінде алыстағы аудандар мен ауыл балалары да бар. Оның ішінде, 10 жас ұлдар – 35, 10 жас қыздар – 33, 12 жас ұлдар – 35, 12 жас қыздар – 42,  14 жас ұлдар – 40, 14 жас қыздар – 39 тоғызқұмалақ ойыншысы. Ең көп қатысқан спортшылар Павлодар облысынан – 66, ал ең аз қатысқан Солтүстік Қазақстан облысы – 6 адам.

Толығырақ...
 
Төрешілік шарттары PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.04.2010 15:35

«Төреші» - кез келген деңгейдегі жарыстарды (25 тур) төрелік еткен 16 және одан үлкен жастағы тұлғаларға беріледі.

 

«І дәрежедегі төреші» - бір жыл бойы «төреші» дәрежесі болған және келесі талаптарды орындаған тұлғаларға беріледі:

               1) жарыстарда (30 тур) бас төреші (орынбасары) ретінде төрелік еткен немесе дене тәрбиесі ұжымдарындағы жарыстарда хатшы, сондай-ақ қалалық және облыстық көлемдегі жарыстарда аға төреші ретінде 10 турдан кем емес төрелік еткен тәжірибесінің болуы;

               2) «І дәрежедегі төреші» төрешілерін даярлау бойынша семинарға қатысу және жарыс ережелерін білу бойынша біліктілік комиссиясының сынағын тапсыру.

 

«Ұлттық төреші» - 2 жылдан кем емес «І дәрежедегі төреші»  дәрежесі болған  және  келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

               1) қалалық және облыстық ауқымдағы жарыстарда бас төреші немесе оның орынбасары, бас хатшы ретінде 50 турда, сондай-ақ республикалық кеңестердің, Республика чемпионаттары мен біріншіліктерінде аға төреші не хатшы ретінде 25 турда төрешілік еткен тәжірибесінің болуы;

               2) жыл сайын «Ұлттық төрешілерді» даярлау бойынша семинарларға қатысу;

               3) тиісті спорттық ұйымның, федерацияның тапсырмасы бойынша            «І дәрежедегі төреші» атты төрешілер семинарын өткізу.

 

«Жоғары дәрежедегі ұлттық төреші» - 3 жылдан кем емес «Ұлттық төреші» дәрежесі болған  және  келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

               1) әр түрлі қызметтегі кез келген ауқымдағы жарыстарда төрелік еткен жыл сайынғы тәжірибесінің болуы;

               2) республика, республикалық кеңестер, ведомстволардың   чемпионаттары мен біріншіліктерінде бас төреші (орынбасары) ретінде 30 турда төрешілік еткен тәжірибесінің болуы;

               3) республикалық семинарға қатысу, тиісті спорттық ұйымның, федерацияның тапсырмасы бойынша  жарыс ережелерін білу бойынша сынақ тапсыру, республикалық семинарды өткізуге қатысу;

               4)  төрешілік етуді тексеруден 3 халықаралық жарыстарда бас төреші (орынбасары) немесе бас хатшы ретінде өту.
 
Спорттық дәреже берудің шарттары PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
26.04.2010 15:33

Спорттық атақтар мен дәрежелер – ҚР халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР спорт шебері, ҚР спорт шеберлігіне үміткер және 3 спорттық дәреже – І, ІІ, ІІІ.

Республикалық мәндегі турнирлерге екінші дәрежеден төмен емес, халықаралық мәндегі турнирлерге бірінші дәрежеден төмен емес дәрежесі бар   қатысушылар жіберіледі.

 

 

Дәрежелік талаптар (ерлер мен әйелдер)

 

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

               5 шетел мемлекеттері қатысқан жағдайда халықаралық жарыстарда немесе зияткерлік олимпиадаларда 1 орын алу;

               Әлем немесе континент чемпионаттарында 1-3 орын алу.

 

Қазақстан Республикасының спорт шебері:

-         Қазақстан Республикасының жеке чемпионатында 1 орын алу;

-         он команда өкілдері қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында 1 орын алу;

-         7-ден аз емес ҚР спорт шебері қатысқан және олармен 4 партиядан кем емес ойын ойнаған жағдайда Республикалық спартакиадаларда, Халықтық және ауылдық ойындарда, ҚР Студенттерінің универсиадасында жеке есепте 1 орын алу;

- он команда өкілдері қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының Кубогында 1 орын алу;

-         20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында екі рет 1 орын алу;

-         рейтингке қол жеткізу бойынша (ҚР Тоғызқұмалақ Қауымдастығымен бекітілген): ерлерде – 2450, әйелдерде – 2350 және ойналған 30 партия бойына сақталған жағдайда.

 

Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер:

-         Қазақстан Республикасының жеке чемпионатында 2-3 орын алу;

-         фестивальдар мен республикалық турнирлерде жеке есепте 1-3 орын алу;

-         жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-3 орын алу.

 

1 дәреже: Облыс және Алматы, Астана қалаларының чемпионаттары мен облыс кубогында 1 орын алу;

2 дәреже: Қала және аудан чемпионаттарында 1 орын алу;

3 дәреже: Аудандық деңгейден төмен емес жарыстарда 2-3 орын алу.
Енгізілген уақыты : 26.04.2010 15:35
 
« ПерваяПредыдущая123456СледующаяПоследняя »

Страница 1 из 6

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız