Қытайдағы тоғызқұмалақ семинары. PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
01.03.2009 18:18

2008 жылдың 24-30 қараша күндері аралығында Қытайдың Үрімші қаласында жергілікті «Қазақ тіл, мәдениет-ғылым» қоғамының төраға орынбасары Асан Әбеуұлының шақыртуымен тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы семинар-жиын өткізді. Атап айтқанда тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев, аға жаттықтырушы А.Жақапбаева және Алматы облысының аға жаттықтырушысы, құрама мүшесі А.Молдахметовалар ұлттық ойынды насихаттау барысында жергілікті зиялылар мен зияткерлік ойынға қызығушылық танытқан тұлғалармен бірнеше кездесулер жасады. Қазақстан құрамасының іс-сапар шығынын ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт комитеті толығымен көтерді.

Алғашқы кездесу 25 қараша күні Шыңжаң университетінде оқу орнының проректоры Талат Әмірәліұлының басшылығымен өтті. Кездесу барысында Талат мырза Шыңжаң университетінің тарихына қысқаша шолу жасап, оның жетістіктері мен табыстарына, студенттерге жасалып жатқан қамқорлықтарына тоқталды. Бұдан кейін сөз алған мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев Т.Әмірәліұлына осы кездесудің өтуіне мұрындық болғаны үшін алғысын айтып, тоғызқұмалақ спорты бойынша Қазақстанда және шет елдерде атқарылып жатқан істердің барысына шолу жасап, тоғызқұмалақ қауымдастығының алда атқаратын жұмыс жоспарын мәлімдеді. Ал аға жаттықтырушы А.Жақапбаева тоғызқұмалақ спортының жастар мен жасөспірімдердің ақыл-ой қабілетін дамытудағы маңызына тоқталып, өз шәкірттерінің Қазақстандағы түрлі жоғарғы оқу орындарында табысты оқып жүргенін үлгі етіп атап өтті.   

Зейнетке шыққан университеттің оқытушы-профессорлық құрамымен болған кездесуде бірқатар қариялардың тоғызқұмалақ спортынан хабары бар екені мәлім болды. Жұмабай Баяхмет атты ғалым өзінің бұл ойын туралы мәліметтерді жинастырғанын, этнографиялық материалдары бар екенін тілге тиек етіп, ол туралы алдағы уақытта мақала жазатынын білдірді. Кездесу соңында Зейнеткерлер үйінің қарияларына Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығы атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырылып, басқарма бастығы Толқын мен орынбасары Жуан Биге тоғызқұмалақ тақтасы мен кітаптары сыйға беріліп, зейнетке шыққан ақсақалдардың бос уақыттарында осы ойынмен шұғылдануына жағдай жасалды.     

26 қараша күні  Шыңжаң телеарнасының қазақ бөлімі қызметкерлерімен кездесуде тоғызқұмалақ спортын телеарналарда насихаттаудың мүмкіншіліктері сөз болды. «Балалар» арнасының жетекшісі О.Кәкібайұлы мен «Алуан өнер» арнасының жетекшісі Ж.Жиенханұлы тоғызқұмалақтың теледидарлық нұсқасы болса, аптасына 1 рет эфирге шығаруға болатынын жеткізді. Делегация басшылары ендігі келгенде мұндай сабақтардың арналық үлгісін әкелуге уәде берді.

27 қараша күні Қытайдағы қазақ зиялыларымен басқосу өтті. Оған Үрімші, Толы, Тарбағатай, Алтай өлкелерінен 30-ға жуық өкілдер қатысты. Алғашында Қазақстаннан келген тоғызқұмалақшылар оларға тоғызқұмалақ ережелерін үйретіп, қалай ойнаудың шарттарын түсіндірді. Одан кейінгі уақытта жаңадан үйренушілер арасында бірнеше бәсеке өткізіліп, оның нәтижесінде Шыңжаң радиосының қазақ бөлімінің жетекшісі Жиенхан мырзаға тең келер ешкім болмады. Кездесу соңы мәдени кешке ұласты.

28 қараша күні ҚХР ШҰАР Қоғамдық Ғылымдар Академиясы  Тарих институтының ғимаратында ғылыми мекеменің қызметкерлеріне мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев тоғызқұмалақ танымы туралы лекция оқыды.  Арнайы монитор арқылы шетелдерде өткен жарыстар мен семинарлардың рәсімдерін көрсетіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Пікір алысу кезінде тарихшы Су Кюнжюн бала кезінде Құмыл қаласында тоғызқұмалаққа ұқсас ойын ойнағанын айтып, өзінің тоғызқұмалақ тақтасын жетілдіруге арналған ұсынысын жеткізді. Яғни тоғызқұмалақтың автоматты тақтасын жасау арқылы тақтадағы құмалақтарды шұғыл түрде кнопкалар арқылы орналастырып, ондағы құмалақтардың саны көрсетіледі екен. Институт қызметкері Марфуға Нығмети тоғызқұмалақ тақтасы мен кітабын сыйға алып,  институт қызметкерлеріне бұл ойынды  үйреткісі келетін ниеті бар екенін жеткізді. Бұл сабақтың институт ғимаратында өтуінде академияның вице-президенті Мяу Пушиң мен Академияның  сыртқы байланыстар басқармасының бастығы  Гүлбахардың орны ерекше болды. Ал ұйымдастыру жұмыстарын жасаған белгілі тарихшы ғалым Шадыман Ахметұлына мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев Қазақстан тоғызқұмалақшылары атынан өз алғысын жеткізді.

         29 қараша күні қоғамның төраға орынбасары Асан Әбеуұлы тоғызқұмалақшыларды жеке қабылдап, өткізген семинарларынан алған әсері туралы: «Бізге әншілер де, жазушылар да көп келеді. Бірақ тоғызқұмалақшылар қауымының арнайы сапармен келуі тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Бұл ойынның адамның ақыл ойын шыңдауға әсер ететін қасиеті бізге қатты ұнады. Сондықтан тоғызқұмалақтың Үрімші қаласында дамуына күш саламыз. Ал сіздерге осы ойынды таныстыру бағытындағы атқарған жұмыстарыңызға ризашылығымыз ретінде қоғам атынан «Қазақ мәдениетінің үздік үлескері» деген атақ беруді жөн деп таптық.  Бұл атақ бірінші рет беріліп отыр» ­- дей келе, Қ. Р. Тоғызқұмалақ Федерациясының президенті Ә. Бәйменовқа, мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаевқа және аға жаттықтырушы А.Жақапбаеваға осы марапаттың дипломын тапсырды. Сондай-ақ осы іс-сапар шығынын көтерген Спорт комитетіне «Қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан орта» деген мақтау қағазын да тапсырды. Ал өз кезегінде аға жаттықтырушы Айнұр Жақапбаева Асан Әбеуұлына және Шадыман Ахметұлына Қазақстанда арнайы тігілген шапан жауып, мұндай мағыналы іс-шаралардың алдағы уақыттарда да жалғаса беруіне өзінің тілектес екендігін мәлімдеді.

                Іс-сапардың қорытындысы туралы М.Шотаев: «Қытай елінде зияткерлік ойындарды дамытудың мол тәжірибесі жинақталған. Мәселен, вэйци атты ұлттық ойынды әлемге таныту үшін қытайлықтар көп жұмыс жасады. Сондықтан біз осы маңызды шаралардан үйренетін жақтарымыз бар. Бұл сапардан алған әсерім ойлағанымнан да асып кетті. Алдағы уақытта тоғызқұмалақтың компьютерлік бағдарламасын жетілдіру, автоматты тақтаны шығару, телеарналық нұсқаны  дайындау секілді бірнеше жұмыстар жасалуы тиіс. Сонда ғана тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде дамытудың бұқаралық сипаты арта бермек» - деп тұжырымдады.                                                                                                                                       

        Ырысбай АБДУЖАППАРОВ

ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы

ақпарат бөлімінің жетекшісі

 

Енгізілген уақыты : 01.03.2009 19:05
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız