Македониядағы тоғызқұмалақ тойы. PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
01.03.2009 17:51

Түрік дүниесі жастарының XIII Құрылтайы 2007 жылдың 05-12 тамыз айында Македонияның Охрид қаласында өткізілді. Қазақстан делегациясын Ясауитану орталығының директоры Д.Кенжетай мырза бастап апарды. Делегация құрамында ақын, әнші, ғалымдармен қатар, ҚР туризм және спорт министрлігінің қаржылық қолдауымен үш адам барды. Олар: мемлекеттік жаттықтырушы А.Сейтжанов, аға жаттықтырушы А.Жақапбаева және ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығының халықаралық істерді дамыту бөлімінің жетекшісі М.Шотаев.

 

Қазақ халқының спорт түрлері сан алуан және әр түрлі сипатымен ерекшеленеді. Бір спорт түрі жасөспірімнің дене күшінің мол болуына, сымбаттылығына мән берсе, енді бірі ақыл-ойын тәрбиелеп, парасатты, әрі тапқыр болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның сыртқы келбетінің танылуына ықпал ететін спорт түрлері көптігімен ерекшеленсе, қазақ халқының зияткерлік мәдениетін, жүйрік қиялы мен кең ақылын танытатын ойын – тоғызқұмалақ. Қазақ күресі, көкпар, бәйге, семсерлесу, садақ ату, жұдырықтасу, кір көтеру, асық секілді ойындар ұлтымыздың көпқырлылығын танытса, халықтың озық ойлары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, жан сырлары мен рухани көрсеткіштері тоғызқұмалақта тұнып тұр. Бүгінгі күні тоғызқұмалақ жаңғыру кезеңін басынан кешіріп отыр. Оған еліміздегі Тоғызқұмалақ қауымдастығы да үлкен үлес қосуда. Қауымдастық президенті Ә.Байменовтің жүйелі басшылығы мен нақтылы жоспарының арқасында бұл спорт түрі соңғы кездері әлемдік деңгейде де көшбасшылық орынға шыға бастады. Осыдан 5-6 жыл бұрын Қазақстанда тоғызқұмалаққа мұрнын шүйіріп қарайтындар көп болса, бүгінгі күні әлемнің озық ойлы ұлдарының өзі таңырқап қарайтын дәрежеге жетті. Мәселен, өткен жылы тәуелсіз еліміздің тарихында тұңғыш рет тоғызқұмалақ Лондонда өткен Х халықаралық зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енгізіліп, ел спортының озық үлгісін әлемге паш етті. Тоғызқұмалақшылар қауымы ұлттық ойынды европалықтарға таныстырып, кең көлемдегі жұмыстар жүргізгенімен, тілі бір, ділі бір түркі тектес халықтарға әлі таныстырылмаған еді. Сондықтан Тоғызқұмалақ Қауымдастығының алдына Байкалдан Балканға дейінгі аралықта 10 млн шаршы км-ге шашырай орналасқан бұл халықтарға көне ойынның ережелерін үйрету, семинар сабақтарын жүргізу маңызды істердің бірі ретінде қойылды. Бұл үшін Түрік дүниесі жастарының ұйымына тоғызқұмалақ туралы түрік тілінде жоба жіберілді. Ұйым төрағасы Хасан Али Карасар бұл жобаның маңызды екеніне мән беріп, Тоғызқұмалақшылар қауымына кезекті құрылтайға қатысу үшін шақыру жіберді. Түрік дүниесі жастарының XIII Құрылтайы 2007 жылдың 05-12 тамыз айында Македонияның Охрид қаласында өткізілді. Қазақстан делегациясын Ясауитану орталығының директоры Д.Кенжетай мырза бастап апарды. Делегация құрамында ақын, әнші, ғалымдармен қатар, ҚР туризм және спорт министрлігінің қаржылық қолдауымен үш адам барды. Олар: мемлекеттік жаттықтырушы А.Сейтжанов, аға жаттықтырушы А.Жақапбаева және ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығының халықаралық істерді дамыту бөлімінің жетекшісі М.Шотаев. Алдымен делегация Стамбулда виза алу үшін 2 күн аялдады. Уақытымызды тиімді пайдалану үшін, тоғызқұмалақшылар қауымы профессор Абдулуақаб Қара мырзаның көмегімен жергілікті қазақтар қоғамының мүшелерімен жолығып, оларды көне ойынмен таныстырып, тоғызқұмалақ тақталары мен кітаптарын сыйға ұсындық. Жергілікті қазақтардан зияткерлік ойын туралы мәліметтер жинастырдық. 85 жастағы Пәкістаннан көшіп келген Өмер ақсақал жас кезінде тоғызқұмалақ ойнағанын, бірақ қазіргі кезде ұмытып қалғанын айтты. Бұдан кейін, делегация мүшелері Түрік дүниесін зерттеу қорының төрағасы Туран Язған мырзаға жолығып, ол кісінің Түрік дүниесін зерттеу журналына тоғызқұмалақ жайлы мақала жариялауға уағдаласты. Профессор Т.Язган өзінің жас кезінде тоғызқұмалақ ойнағанын айтқанда, таң қалдық. Өйткені Түркия мен Қазақстаннның арасы 5 мың км. болғанымен, әлі күнге дейін бабалар мәдениетінің жаңғырықтары ұмытылмаған. Македонияның Охрид қаласына 05 тамыз күні кешке жеттік. 6 тамыз күні 40 елден жиналған 205-ден астам түрік дүниесінің жастарына тоғызқұмалақ семинары мен ойын сабақтарын өткіздік. Алғашында кібіртіктеп бастап, үйренуге қиналған жастар, тоғызқұмалақ ережелерін түсініп алған соң, уақыт талғамай бір-бірімен ойнауға көшті. Қырғыз Еділ мен түркімен Мұрат 5 партияны түнімен ойнап, қалай таң атқанын да байқамай қалған сәттер де болды. 07 тамыз күні құрылтайды ұйымдастырушылардың батасын алып, 14 елден келген 20 ойыншы Түрік дүниесі жастарының І Халықаралық жарысының жүлделерін сарапқа салды. Жарыс швейцар жүйесімен өткізілді. Алғашқы кезде гагауз қызы Севда мен тыва қызы Чойгана, түркімен Бигүл мен башқұрт Айболаттар ширақ көрініп, қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңе бастаған. Бірақ финалдық кезеңге кейінгі ойындарын сәтті өткізген Бигүл мен Айболат қана шыға алды. Бас жүлде үшін талас та осы екі спортшының арасында өтті. Залдың бір жағына түркімендер, бір жағында башқұрттар өз тоғызқұмалақшыларына рухани қолдау көрсетіп тұрды. Сонымен аса тартысты жағдай өткен ойында, өз қарсыласының кемшін тұсын пайдаланып, түркімен қызы Бигүл Машалова жеңімпаз атанды. Екінші орын Айболат Хусайновқа бұйырса, 3 орынды түрік Т.Елбирлік, татар И.Шайхутдинов және шорлық В.Таннагашев иеленді. Жарысқа қатысқандардың барлығына ҚР Туризм хәне спорт министрлігінің атынан мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды. Жарыстың жабылу салтанатында төраға Х.А.Карасар тоғызқұмалақ жарысының табысты болғанын, жоғары деңгейде өткенін және бұдан кейінгі уақыттарда да дәстүрлі түрде өтуіне үлес қосатынын жеткізді. Тоғызқұмалақшылар қауымының түрік дүниесіне сапары сәтті аяқталды. Әлемнің 40 елінен келген 250 жас зияткерлік мәдениеттің озық үлгісі – тоғызқұмалақпен танысып қайтты. Түркия қазақтары Стамбулда ұлттық ойын үйірмесін ашатын болды. Түркияның ең беделді «Түрік зияткерлік ойындар» және «Түрік дүниесін зерттеу» журналдары қыркүйек айындағы нөмірлеріне 4 мың жылдық тарихы бар ойын туралы мақала жариялауға уәде берді. Профессор А.Қараның 7 шілде күні жазған тоғызқұмалақ туралы түрік тіліндегі мақаласын халықаралық түрік интернет сайттары бірінен соң бірі көшіріп басып, ойынның Түркияда танылуына ықпал жасауда. Мәселен, түрікше бұл мақаланы www.varbak.com/forum, www.turkgundem.net, сайттарынан оқи аласыздар. Қорыта айтқанда, тоғызқұмалақты таныту ісі тағы бір маңызды белестен өтті. Тілі туыс, мүддесі жақын түрік дүниесі елдері тоғызқұмалақты өз елдерінде насихаттайтын болды.

М.Шотаев ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығының халықаралық істерді дамыту бөлімінің жетекшісі 

 

Енгізілген уақыты : 01.03.2009 18:00
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız