Түркістан зияткерлікке шақырады! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
01.03.2009 12:01

Түркістан қаласында өткен Тоғызқұмалақтан ҚР Кубогі үшін жарысқа барлығы 11 команда қатысты. Олар Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Бастыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары және Астана қаласының командалары.

 

Жарыс жекелей-командалық сынақта швейцар жүйесімен 7 тур өтті. Командалық орын әр ойыншылардың жинаған ұпай санының қосындысы бойынша шығарылды:

І ОРЫН - Павлодар облысы  (31 ұпай) 

ІІ ОРЫН  -  Қызылорда облысы  (28,5 ұпай)

ІІІ ОРЫН  -  Ақтөбе облысы  (28 ұпай)

ІV ОРЫН  -  Оңтүстік Қазақстан облысы  (23,5 ұпай)

V ОРЫН  -  Астана қаласы  (21,5 ұпай)

VІ ОРЫН  -  Батыс Қазақстан облысы  (19 ұпай)

VІІ ОРЫН  -  Жамбыл облысы  (19 ұпай)

VІІІ ОРЫН  -  Қостанай облысы  (16,5 ұпай)

ІХ ОРЫН  -  Алматы облысы  (16 ұпай)

Х ОРЫН  -  Маңғыстау облысы  (15,5 ұпай)

ХІ ОРЫН  -   Шығыс Қазақстан облысы  (11,5 ұпай)

 

Жалпы жарысты ұйымдастыру алқасының жақсы дайындығы байқалып,  Қазақстан Республикасы Кубогі үшін жарыс жақсы дәрежеде өтті.

Жекелей сында әр тақта бойынша төмендегі спортшылар жеңімпаз атанды.

 

І  ТАҚТА

І орын           Темірбаев Ғ.  (ОҚО)     -      5,5

 

ІІ орын           Қабиев Н.   (Ақтөбе)      -     5,5

 

ІІІ орын         Ақтаев С.    (Павлодар)      -     4,5

 

 

ІІ  ТАҚТА

І орын           Қаймолдин Ж.   (Павлодар)     -       6

ІІ орын         Ли Т.   (Қызылорда)      -     6

ІІІ орын        Сазанбаев А.    (Астана)      -     4,5

 

ІІІ  ТАҚТА

І орын           Амантаев А.  (Жамбыл)     -       6

ІІ орын         Нұржанов М.  (Ақтөбе)      -     5,5

ІІІ орын        Мерешев Е.    (Павлодар)      -     4,5

 

ІV  ТАҚТА

І орын           Аманова М.  (ОҚО)     -       5,5

ІІ орын         Қойшыман Г.   (Ақтөбе)      -     5

ІІІ орын        Дәлиева Ә.    (Қызылорда)      -     5

 

V  ТАҚТА

І орын           Қошқарова А.  (Қызылорда)     -      6

ІІ орын         Адамжанова А.   (Павлодар)      -     5

ІІІ орын        Айғалиева А.     (БҚО)      -     5

 

VІ  ТАҚТА

І орын           Райымбекова Р.  (Павлодар)     -       6,5

ІІ орын         Такишева А.   (Ақтөбе)      -     6

ІІІ орын        Нөсерова Қ.    (Қостанай)      -     4

 

Жарыс жеңімпаздарына Қ. Р. Туризм және Спорт Министрлігі атынан кубок және дипломдар, Қ. Р. Тоғызқұмалақ Федерациясының атынан естелік сыйлықтар тапсырылса, бас демеуші Нұр Отан партиясының Түркістан бөлімшесінің саяси кеңес мүшесі Жұмабай Ешжановтың атынан бағалы сыйлықтар берілді. Алдағы уақытта Түркістан қаласында бір Республикалық және бір Халықаралық жарыс өтетін болып шешім қабылданды. Сондай ақ Түркістан қаласының Зияткерлік ойындар Федерациясының Президенті болып Жұмабай Ешжанов сайланды.

Жарыстың қорытындысы туралы мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев : «Түркістан қаласы – тек рухани астана емес, зияткерлік астана ретінде де дүниежүзіне танылуы тиіс. Сондықтан бұл жарыс сол идеяның бастамасы ретінде көрінсе екен.» деді.

 

Мақаланы дайындағын : с.ш.ү. Шотаева Қалжан.

 

 

Енгізілген уақыты : 01.03.2009 19:18
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız