ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
ҚОНАҚТА
Қазір 2 қонақтар онлайнІЗДЕУ
| Серікбай Тілеубаев 70 жаста! |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| 26.04.2010 15:53 |
|
Құрметті Серікбай Тілеубайұлы!
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігі Спорт комитетінің ұжымы және өз атымнан Сізді 70 жасқа толған мерекелі туған күніңізбен құттықтаймын! Сіз тоғызқұмалақ спортының ел өңірлерінде дамытудың бастауларында тұрсыз. Жасөспірімдердің ақыл-ойын шыңдауда, ми қызметін жетілдіруде ерекше қызметі бар ойынның жүйелі арнаға түсіп, өркендеуінде 1974 жылы өзіңіз ойлап тапқан жарыс тақтасының маңызы зор болды. Тоғызқұмалақтың бұқаралық сипатын арттыруда телеарналар мен ақпарат құралдарында үздіксіз жазған мақалаларыңыз бен сұхбаттарыңыздың да орны ерекше. Тәуелсіздік алған жылдары Сіздің жазған еңбектеріңіздің арқасында ұлттық ойын әдістемелік жағынан жаңарып, жаңғыру жолына түсті. Сіздің ағартушылық-насихаттаушылық жұмыстарыңыздан басқа, ұстаздық жолыңыздың өзі бір төбе. 1983 жылдан бүгінгі күнге дейін 20-дан астам спорт шеберін дайындағаныңыз осының айғағы. Қазақстан Республикасының жеңімпаздары болған Н.Құрманқұлов, Ғ.Қазыбеков, А.Мамеков секілді шәкірттеріңіз тек Жамбыл облысы ғана емес, еліміздің де мақтанышы. Осы ұстаздық, қайраткерлік және қоғамдық жұмыстарыңыздың жемісі ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және ҚР Құрметті спорт қайраткері атақтарына ие болдыңыз. Құрметті Серікбай Тілеубайұлы! 70 жасқа толған шабытты шалқар шағыңызда Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!
Ізгі тілекпен,төраға Е.Б.Қанағатов
Құрметті Серікбай Тілеубайұлы!
Сізді Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығы және өз атымнан 70 жасқа толған туған күніңізбен құттықтаймын! Сіз - тоғызқұмалақ спортының тағдырлы, өнегелі тарихында өркендеп дамуы үшін еңбек еткен санаулы тұлғалардың бірісіз. Түркі халықтарының баға жетпес мұрасына жаңашылдық сипатымен келген өнертапқыштық еңбегіңіз – 1974 жылы тоғызқұмалақтың жарыс тақтасын ойлап табуыңыз болды. Осы ізденісіңіздң арқасында ұлттық ойынның бұқаралық сипаты артып, ел өңірлерінде қарыштап дами бастады. Жарыстың бір мезгілде ойнау, жылдам ойнау сияқты түрлерін жүргізуге мүмкіндік туды. Тоғызқұмалақты көпшіліктің арасында дамыту үшін де тынбай ағартушылық жұмыс жасадыңыз. «Тоғызқұмалақ әліппесі» кітабында ойын бастамаларын зерттеудің соны үлгісін жасап, терминологиялық атауларды бір ізге түсірдіңіз. 40 жылғы шығармашылық ғұмырыңызда 100-ден астам мақала мен сұхбаттар жарияладыңыз. Мұның барлығы ұлттық ойынның танымы мен тағылымын арттырып, бұқара арасында кеңінен танылуына әсер етті. Сіз алғаш рет 1983 жылы Жаңатас қаласында тоғызқұмалақ үйірмесін ашып, шәкірттер тәрбиеледіңіз. Осының арқасында Жамбыл тоғызқұмалақ мектебі қалыптасып, одан түлеп ұшқан көптеген спортшылар Қазақстан Республикасының жеңімпаздары болдары. Осы мектептің арқасында Қазақстанның спорт шеберлерінің саны жиырмадан астам озық спортшылармен толықты. Сіз қажырлы, қайратты еңбектеріңіздің арқасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және ҚР Құрметті спорт қайраткері атақтарына ие болдыңыз. Мұның барлығы өсіп келе жатқан жас буын, жолыңызды қуған шәкірттеріңіз үшін үлкен өнеге! Құрметті Серікбай Тілеубайұлы! 70 жасқа толған кемелденген шағыңызда Сізге және отбасыңызға шығармашылық шабыт, адами бақыт, берекелі ғұмыр тілеймін!
Ізгі тілекпен, Қауымдастық төрағасы А.М.Байменов
|
| Енгізілген уақыты : 26.04.2010 15:59 |



Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қайраткері Серікбай Тілеубаев 70 жасқа толды. Осыған байланысты 22-29 сәуір күндері Тараз қаласында тоғызқұмалақтан мерейтой иесінің құрметіне арналған ардагерлер чемпионаты өтуде. Чемпионаттың ашылу салтанатында С. Тілеубаевтың 70 жылдығына арналған конференция өтті. Конференцияның ресми құттықтауларын назарларыңызға ұсынып отырмыз.