ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
ҚОНАҚТА
Қазір 3 қонақтар онлайнІЗДЕУ
| Ташкентте тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс аяқталды. |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| 28.01.2010 18:50 |
|
Ересектер тобының финалында Қазақстанның екі дүркін жеңімпазы Ғалымжан Темірбаев (суретте) Өзбекстан чемпионы Ханадилов Нурмахан жолықты. Ойынды жақсы бастаған Ғ. Темірбаев қарсыласының қателігін дұрыс пайдаланып қарсыласын тізе бүктірді. Екі ойыншыда да 4 ұпайдан болды бірақ жеке кездесу бойынша жеңімпаз анықталып Ташкент-2010 турнирінің жеңімпазы Ғ. Темірбаев атанды. Нурмахан Ханадилов екінші орынды қанағат тұтса, Қазақстандық спортшы Салтанат Сапарбекова мен Өзбекстандық Убайдуллаева Перизат жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Жастар арасындағы жарыстың алғашқы турларынан Қазақстандық Эльмира Ильяева мен Қалжан Шотаева (суретте) және Өзбекстанның Жаңа Шыршық қаласының спортшысы Тулегенова Мақпал лидер бастады. Тулегенова Мақпал 4-інші турда Эльмира Ильяеваға жеңіліп 5-інші турға дейін мүмкін болған 4 ұпайдан 4 ұпай олжалаған екі спортшы қалды. Атап айтқанда, жарыстың өткен жылғы күміс жүлдегері Қалжан Шотаева және Эльмира Ильяева. Бастаушы болып ойнаған Қ. Шотаева Белбасар бастамасын 1-65 жүрісін жасап таң қалдырды. Қарсыласы 98 жүрісін жасады. Бірақ ойынның ортасында Қалжан Шотаева ұтымды жүрістер жүріп қарсыласынан 1-інші отаудан тұздық алды. Э. Ильяева ойын соңында 2-нші отаудан тұздық алса да жеңілуге мәжбүр болды. Жастар арасындағы турнир нәтижесі төмендегідей болды. 1-інші орын Қалжан Шотаева, Эльмира Ильяева және Тулегенова Мақпал 2-нші орын, ал Қазақстандық спортшы Қалибайұлы Мәлік жүлделі 3-інші орыннан көрінді. Демеушілер арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтар тапсырды.
|
| Енгізілген уақыты : 29.01.2010 18:37 |



Ташкент қаласында Тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс аяқталды. Ташкент-2010 атты халықаралық жарыс ересектер және жастар деген екі топта өткізілді. Ересектер арасындағы турнирге 20 спортшы қатысып 5 тур өткізілді. Ал жастар арасындағы турнирге 30 спортшы қатысып 5 тур өткізілді.