Тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыс басталды PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
28.01.2010 18:23
Ташкентте қазақтың ұлттық ойыны - тоғызқұмалақтан көршілес 3 елдің ең үздік ойыншылары қатысқан халықаралық жарыс басталды. Жарысты биыл Өзбекстанда Тоғызқұмалақ федерациясының құрылуына ұйытқы болған қазақ-ұлттық мәдени орталығы ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, биыл қауымдастық жанынан қазақ тілін тереңдете оқытып, ұлттық билер мен домбыра тартуды үйрететін үйірмелер де жұмыс істей бастады. 4 ғасырлық тарихы бар «ақыл-ойдың ойынына» ұлы Абай мен Шоқан да құмартып, Мұхтар Әуезов те әуес болған екен. Қазір қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік ойынмен шұғылданушылар Қазақстанда 100 мыңнан асады. Алыс-жақын шет елдерге де қанатын жайған қазақтың ұлттық ойыны бүгінде ғаламтор желісімен жер жүзіне тарай бастады.

Мақсат Шотаев, тоғызқұмалақтан Қазақстан ұлттық құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы:
– Ұлттық ойынымыз зияткерлік олимпиада бағдарламасына енгізіліп, Лондонда және 2 мәрте Чехияда үлкен жарыстар өтті. Былтырдан бастап әлемдік Интернетке тіркелген тоғызқұмалақты онлайн жүйесімен төрткүл дүниенің мықты ойшылдары да ойнап жүр. Енді биылғы шілде айында Астанада әлем чемпионатын өткізуге әзірлік жасаудамыз.

Ташкентте өтіп жатқан жарысқа Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда топ жарған тоғызқұмалақ шеберлері қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында Ақтөбе, Шымкент пен Керекуден келген спорт шеберлері бар.

Ғалымжан Темірбаев, тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
– Осындай жарыстарды жиі өткізіп, қазақтың ұлттық ойынын Өзбекстандағы қандастарға да үйретіп, оны кеңінен дамыта түссек деген ойдамыз. Бұл математикалық ойынның жастардың ой-өрісін арттыруға ықпалы өте мол.

Ергеш Абдуалиев, ТашПИ қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі:
– Бұл ойынға Өзбекстандағы қазақ жастары да қатты құмартып, қазір үйірмеге ұдайы қатысып жүр. Осы ұлттық-мәдени орталыққа ұдайы келіп тұрады. Қазақ тілін, халықтың салт-дәстүрін оқып-үйреніп жүр.

Жарыстың жалауын көтерген ұлттық-мәдени орталықта қаңтардан бастап қазақ тілін, ұлттық би және домбыра тартуды үйрететін үйірме ашылды. Қазір мұнда 20-ға жуық өнерге бейім өрендер дәріс алып жүр.

Жарқынай Әбдірахманова, домбыра үйірмесінің жетекшісі:
– Талабы таудай жастарға қазақтың күйлерін, халық әндерін және дәстүрлі әндермен қатар термелер де үйретіп жатырмыз. Қызығушылар қатары күннен күнге көбейіп келеді. Болашақта ұлттық саз аспаптарын меңгерген жастардан жасақтап, оркестр құрсақ деген де ойымыз бар.

www.khabar.kz

Енгізілген уақыты : 28.01.2010 18:40
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız