|
2009 жылдың 04-11 қараша аралығында Орал қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 16, 18 және 20 жас аралығындағы жастар чемпионатына 11 облыс және Астана қаласынан барлығы 135 спортшы қатысты. Оның ішінде, 16 жас ұлдар - 30, 16 жас қыздар - 32, 18 жас ұлдар - 22, 18 жас қыздар - 15, 20 жас ұлдар - 12, 20 жас қыздар - 14 тоғызқұмалақ ойыншысы. Ең көп қатысқан спортшылар Батыс Қазақстан облысынан - 27, ал аз қатысқан Ақмола облысы - 4 адам. Жарыс 7 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға классикалық ойында 1 сағ. 30 минуттан, ал шапшаң ойында - 7 минуттан уақыт берілді. Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасары, Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығының І орынбасары Т.Жалғасұлы, мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев қатысып, барлық спортшыларға сәттіліктер тіледі. Жарыстың бас төрешісі жоғары дәрежелі ұлттық төреші кентаулық Ж.Тұрғамбаев және жарыстың бас хатшысы жоғары дәрежелі ұлттық төреші ақтөбелік Қ.Нуршин болды. Чемпионатқа барлығы 18 төреші төрешілік жасап, жоғары деңгейде өтуіне өздерінің үлестерін қосты. Тоғызқұмалақтың негізгі бәсекесінде Батыс Қазақстан облысының спортшылары жоғары табысқа жетіп, түрлі дәрежедегі 4 медаль жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы бойынша: 16 жас ұлдар: 1 орын - Сәрсенбаев Берік - 7 ұпай (Ақтөбе), Жаттықтырушысы - Нуршин Қ., Төлегенов Б. 2 орын - Құрманов Нұрбек - 5,5 ұпай (Астана), 3 орын - Қасымханов Абылайхан - 5 ұпай (Қостанай).
16 жас қыздар: 1 орын - Айғалиева Ақшолпан - 6 ұпай (БҚО), Жаттықтырушысы - Әбдікерімов Д., Шагиров Ә. 2 орын - Спанова Гүлнұр - 6 ұпай (Қостанай), 3 орын - Муқамбетқалиева Айым - 5,5 ұпай (Қостанай).
18 жас ұлдар: 1 орын - Матылов Сайлан - 6,5 ұпай (БҚО), Жаттықтырушысы - Әбдікерімов Д., Шагиров Ә. 2 орын - Өндірбаев Аманбек - 5 ұпай (Ақтөбе), 3 орын - Сыздықов Мирас - 5 ұпай (Көкшетау).
18 жас қыздар: 1 орын - Байзекенова Айнұр - 6 ұпай (БҚО), Жаттықтырушысы - Әбдікерімов Д., Шагиров Ә. 2 орын - Қаяпбергенова Жайнаргүл - 6 ұпай (БҚО), 3 орын - Рысбаева Динара - 5 ұпай (Жамбыл).
20 жас ұлдар: 1 орын - Хұсайнов Медет - 5,5 ұпай (Ақтөбе), Жаттықтырушысы - Нуршин Қ., Төлегенов Б. 2 орын - Каймулдин Жанат - 5,5 ұпай (Павлодар), 3 орын - Сапарбеков Сабит - 5 ұпай (ОҚО).
20 жас қыздар: 1 орын - Райымбекова Роза - 7 ұпай (Павлодар), Жаттықтырушысы - Капаев Дастан, Шалекеева Нұргүл 2 орын - Қамбарова Ғалия - 5 ұпай (Қызылорда), 3 орын - Нөсерова Қымбат - 5 ұпай (Қостанай).
Медаль саны бойынша: 1. БҚО: 3 алтын, 1 күміс - 11 ұпай 2. Ақтөбе: 2 алтын, 1 куміс - 7 ұпай 3. Павлодар: 1 алтын, 1 күміс - 5 ұпай 3. Қостанай: 1 күміс, 3 қола - 5 ұпай 4. Қызылорда: 1 күміс - 2 ұпай 5. Астана: 1 күміс - 2 ұпай 6. Ақмола: 1 қола - 1 ұпай 7. ОҚО: 1 қола - 1 ұпай 8. Жамбыл: 1 қола - 1 ұпай
Шапшаң ойын олимпиялық жүйемен өткізіліп, барлығы 5 турда өткізілді. Бұл жарыстың түрінде де Батыс Қазақстан облысының спортшылары жақсы өнер көрсетті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 16 жас ұлдар: 1 орын - Сұңқаров Дәурен (Қостанай), Жаттықтырушысы - Әбілбеков Б. 2 орын - Мейрамқұлов Жандос (Жамбыл), 3 орын - Сарсенбаев Берік (Ақтөбе).
16 жас қыздар: 1 орын - Айғалиева Ақшолпан (БҚО), Жаттықтырушысы - Әбдікерімов Д., Шагиров Ә. 2 орын - Аткелтірова Айнұр (Ақтау), 3 орын - Маусымбаева С. (Қостанай).
18 жас ұлдар: 1 орын - Абдрахманов Марат (Қызылорда), Жаттықтырушысы - Секина Қырмызы 2 орын - Құрметбек Аслан (Астана), 3 орын - Қабұлов Мұрат (Павлодар).
18 жас қыздар: 1 орын - Байзекенова Айнұр (БҚО), Жаттықтырушысы - Әбдікерімов Д., Шагиров Ә. 2 орын - Кусайнова Салтанат (Астана), 3 орын - Қаяпбергенова Ж. (БҚО).
20 жас ұлдар: 1 орын - Иманғалиев Азамат (Павлодар), Жаттықтырушысы - Капаев Дастан 2 орын - Сапарбеков Сәбит (ОҚО), 3 орын - Каймульдин Жанат (Павлодар).
20 жас қыздар: 1 орын - Қозбағарова Динара (Ақтөбе), Жаттықтырушысы - Нуршин Қ., Төлегенов Б. 2 орын - Дастанова Майнұр (Астана), 3 орын - Қарабаева Лаура (ОҚО).
Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті атынан медаль және дипломдар, жергілікті демеушілер мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жарысқа қатысушылар Орал қаласында өткен жарысты өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Ырысбай АБДУЖАППАРОВ
|