|
2009 жылдың 30 қараша - 06 желтоқсан аралығында Қостанай каласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ардагерлер чемпионатына 10 облыс және Астана қаласынан барлығы 36 спортшы қатысты. Оның ішінде 40 жас ерлер арасында - 14 спортшы, 60 жас ерлер арасында - 14, ал 40 жас әйелдер арасында - 5 және 55 жас әйелдер арасында 3 спортшы катысты. Жарыс ерлер арасында 7 турда швейцар жүйесімен, ал әйелдер арасында айналма жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға 1,5 сағ. уақыт берілді. Ашылу салтанатына Қостанай облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, ҚР Тоғызкұмалақ Қауымдастығының вице-президенті Б.Азимжанов, мемлекеттік жаттықтырушы М.Шотаев қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, жергілікті телеарналар мен баспасөз құралдары жарыс барысы туралы материал дайындап, күнделікті жариялап отырды. Жарыстың бас төрешісі ұлттық дәрежелі төреші қостанайлық Б.Әбілбеков және бас хатшы Ә.Шегебаева болды. Чемпионат 80 жасқа толған Д.С.Поляков және 50 жасқа толған Б.Азимжанов құрметіне арналды.
Бұл жарыс облыстардың республикалық соңғы рейтингтік жарыс болғандықтан, тоғызкұмалақтың негізгі бәсекесінде Қызылорда облысы және Павлодар облысының спортшылары жоғары медалдарға таласты. Бірақ алтын медалдар Атырау, Алматы обл., Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облысынан келген спортшыларға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері төмендегідей: ерлер 40 жас: 1 орын - Құрманбай Ашетов - 5,5 ұпай (Атырау), Жаттықтырушысы - Б.Сейсенов 2 орын - Елжан Қазиев - 5 ұпай (Қостанай), 3 орын - Бауыржан Төлегенов - 5 ұпай (Ақтөбе).
әйелдер 40 жас: 1 орын - Гүлжан Қилыбаева - 4 ұпай (ШҚО), Жаттықтырушысы - Б.Жумадилов 2 орын - Айнұр Жақапбаева - 3 ұпай (Алматы обл.), 3 орын - Гүлсім Мұсаева - 2 ұпай (Алматы обл.).
ерлер 60 жас: 1 орын - Ілес Әшімов - 6,5 ұпай (ОҚО), Жаттықтырушысы - Ж.Тұрғамбаев 2 орын - С.Мағауов - 5,5 ұпай (Астана), 3 орын - Д.Поляков - 5 ұпай (Қостанай).
әйелдер 55 жас: 1 орын - Қайша Рысалова - 2 ұпай (Алматы обл.), Жаттықтырушысы - Б.Қозыгұлов 2 орын - Қырмызы Секина - 2 ұпай (Қызылорда обл.), 3 орын - Алла Чуприк - 1,5 ұпай (Қарағанды). Сонымен қатар осы уақыт аралығында, яғни 30 қараша мен 8 желтоқсанда Қостанай қаласында «Ы.Алтынсарин Мемориалы» республикалық турнирі де қатар жүріп отырды. Аталмыш турнирге 12 команда қатысып бақтарын сынады. Турнир нәтижесі бойынша: І орын - Қостанай облысы-1 командасы; ІІ орын - Ақтөбе облысы командасы; ІІІ орын - Астана қаласынан келген команда иеленді. Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті атынан медаль және дипломдар, жергілікті демеушілер мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Ырысбай АБДУЖАППАРОВ
|