БАСПАСӨЗ-АҚПАРАТ PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
16.01.2010 11:14

Қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Тоғызқұмалақ үш рет: 2006 жылы - Лондонда, 2008 және 2009 жылдары Чехияда дүниежүзілік зияткерлік олимпиаданың бағдарламасына енді.  
2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді.
 Шетелдегі қазақтар үшін Англияда /2009 ж./, Қытайда /2008 ж./, Түркияда /2007, 2008, 2009 ж./, Өзбекстанда /2009 ж./, Ресейде /2007-2008 жж./ бірнеше таныстырушылық шаралар, жарыстар ұйымдастырылды.
Бүгінгі күннің тағы бір маңызды оқиғасы 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын тіркеліп, www.iggamecenter.com - сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды. Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға  болады.


www.iggamecenter.com 2007 жылы 10 маусымда Arty Sandler есімді азаматтың бастамасымен дүниеге келген дүниежүзілік интеллектуалды ойындардың шоғырланған жері. Өзінің бұл бастамасы туралы Arty былай дейді: «Одан бері көптеген жылдар өтті. Интернет дәуірінің басталуымен мен әлемдегі көптеген интеллектуалды ойындарды әр жерлерде интернет арқылы ойнап жүрдім. Кейіннен маған одан да өзімнің тұрақты ойнайтын ойын алаңымды жасасам деген ой келді. Осылайша мен өзімнің хоббиімді жандандырдым».
Тоғызқұмалақ ойыны мұнда 96-шы болып тіркелген. Мұндағы деректерге сүйене отырып, мынадай мағлұматтарға көз жеткізуге болады. Соңғы отыз күн ішінде ең танымал болған 82 ойынның тізімі берілген, тоғызқұмалақ рет саны бойынша екінші болып тұр. Ал соңғы жеті күнде ең танымал болған 54 ойынның ішінде тоғызқұмалақ бірінші орында.
 Бұл сайтқа әрбір адам тіркеліп қалаған ойынын ойнай алады. Тоғызқұмалақтың ойын терезесін ашу арқылы мынадай мүмкіндіктерге ие боласыз: көп орын бөлінген сол жақ бөлігінде тақта, оның астыңғы жағында чат орналасқан. Осы чат арқылы қарсыласыңызбен және бақылаушы қонақтармен әңгімелесіп отыруға болады. Ал оң жақ бөлігінің үстінде ойналған ойынның жүрістері жазылып отырады. Одан төменгі пернелерді қолдану арқылы қаласаңыз сағат белгілеп ойнай аласыз. Осы жерде ойынның ережесімен танысуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі төрт тілде: орыс, ағылшын, неміс және португал тілдерінде берілген. Осы ереженің соңында ағылшын, португал, түрік тілдеріне аударылған ойынның тарихы, ережесі және кейбір турнирлердің суреттері мен тоғызқұмалақ туралы шыққан еңбектердің тізімі орналастырылған сілтеме бар.
Әлемнің осындай зияткерлік ойындарын ойнап қана қоймай, оны ары қарай дамыту, өз дәрежесінде насихаттау кез келген азаматтың қолынан келмесі анық. Зияткерлікті қажет ететін мұндай жауапты істе ұлттық мұрамыз тоғызқұмалақтың басқа да шетелдік ойындардан артық болмаса кем емес екендігін дәлелдейтін ең алдымен сіз бен біз, қазақ азаматы. Олай болса аталмыш сайтқа тіркеліп, сіздер де осынау іске қолдау көрсетіп, бабаларымыздың аманатына жауапкершілікпен қарайды деп сенеміз.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız