Тоғызқұмалақ Лондонда! PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
25.02.2009 20:23

 2006 жылдың 28 тамыз-3 қыркүйек аралағында Лондон қаласында Х Халықаралық зияткерлік ойындар олимпидасы өтті. Олимпиада бағдарламасына 36 спорт түрі, оның ішінде шахмат, го, овари, боку секілді кеңінен таралған ақыл-ой спортының түрлерімен қатар, тұңғыш рет тоғызқұмалақ та енгізілді. 

Қазақ ақыл-ой спортының бұл жарыс бағдарламасына енгізілуі кездейсоқ құбылыс емес. Бүгінгі күні тоғызқұмалақтың таралу ауқымы кеңейіп, көптеген елдерде насихатталып жатыр. Ежелден дәстүрі бар, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Монғолиядан басқа, Ресей, Қытай, Европа елдерінде қанатын кеңге жайып, түрлі жарыстар өткізіле бастады. Америкада Аляска университеті арнайы зерттеумен айналысса, интернетте бірқатар қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі сайттарда ережелері беріліп, теориялық мәселелері күнделікті талқыланып жатыр. Бұл іс-шаралардың барлығын саралаған ұйымдастыру алқасы, тоғызқұмалақтың олимпиада бағдарламасына енгізілуіне ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіп, Қазақстан құрамасын жарысқа шақырды.

Лондонға Қазақстан құрама командасын Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасына қарасты Х.Омаров атындағы шахмат клубының директоры, Тоғызқұмалақтан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы С.А.Шарипов бастап апарды. Алғашқы кезден бастап ұйымдастыру алқасымен келіссөздер жүргізіп, құжаттарын дайындап, жазғы демалыс кездерінде күні-түні еңбек етіп, кітап жазған Сардар Азуұлының бұл жерде атқарған жұмыстары үлгі боларлық. Команда құрамында спорт шеберлері А.Сейтжанов, М.Шотаев, с.ш.ү. Д..Касенева, Г.Мағауова, Р,Шариповтер өнер көрсетті.

Тоғызқұмалақ жарысы 7 күнге созылды. Бұл ұлттық ойынға дееген европалықтардың құрметімен қатар, оған деген қызығушылардың көп болғандығына да байланысты болды. Алғашқы күні шет елдіктерге тоғызқұмалақтың ережелері таныстырылып, бірнеше сабақтар өткізілді. Жаңадан үйренушілер арасында рапид жарысы өткізіліп, олардың арасында жеңімпаздар анықталды. Бұл бәскеде ағылшын Джордж Миллерге тең келер ешкім болмады және ол шеберлер арасындағы бәсекеге жолдама алды. Шетелдік жеңімпаздар мен жүлдегерлерге С.Шарипов пен ұйымдастыру алқасының төраға орынбасары Тони Корф Қазақстанда шығарылған тоғызқұмалақ тақтасы мен кітаптарды, медалдарды табыс етті.

29 тамыздан бастап негізгі бәсекелер басталып, олимпиада медалдері сарапқа салынды. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турға созылды және 6 елден келген 16 спортшы қатысты. Оның ішінде Қазақстаннан басқа, Англия, Франция, Чехия, Ирландия және Гонконг елдерінің спортшылары да бар. Олимпиада бағдарламасының тығыз болуы, тоғызқұмалақ жарысы мерзімінің басқа зияткерлік ойындармен қатар келуі, Германия, ОАР, Швеция, Солтүстік Кипр секілді мемлекеттердің үздік ойыншыларының қатысуына кедергі жасады. Сондай-ақ түрлі себептермен Қырғызстан, Қарақалпақстан, Монғолия, Ресейдің ойыншылары да олимпиадаға қатыса алмады.

Олимпиаданың алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан тоғызқұмалақшылары жарысқа босқа келмегенін және жүлдері орындарды ешкімге бермейтінін дәлелдей білді. Нәтижесінде мүмкін болған 7 ұпайдан – 7 ұпай жинаған, А.Сейтжанов алтын, 6 ұпаймен Г.Мағауова күміс, 5 ұпаймен М.Шотаев қола медаль иеленді. Европалықтардың ішінде Д.Миллер мен француз қызы Флорент Клэр жақсы өнер көрсетті.

Олимпиаданың жабылу салтанатында аталған спортшыларға тиісті медалдерін таққан Т.Корф Қазақстан құрамасының жарысқа жақсы дайындықпен келгенін, жақсы өнер көрсеткенін айтып, өзінің таң қалғанын жасырмады. Сондықтан 2006 жылғы олимпиаданың «Ең үздік төрешісі» медаліне Қазақстаннан келген С.Шарипов лайық екенін хабарлағанда, залдағы спортшылар ұзақ қол шапалақтап, құрмет көрсетті. Сондай-ақТони Корф овари ойыны бойынша ІІІ орын иеленген Мақсат Шотаевты қола медалмен марапаттады.

Қазақ спортының тарихында тағы бір маңызды оқиға артта қалды. Тоғызқұмалақтан тұңғыш рет Азиядан тыс жерде өткен халықаралық олимпиада жалауын көтерді. Көптеген европалықтар тоғызқұмалақтың олимпиада бағдарламасына енгізілуін «ерекше құбылыс» ретінде бағалады, Қазақстанның әлемдік аренада беделінің артып келе жатқанын мойындады. Ендігі кезекте осы қарқынымыздан таймай, еліміздің зияткерлік өнер түрлері мен төлтума мұраларымызды жоғары деңгейде таныстыра білсек, нұр үстіне нұр болар еді!

М.Шотаев Астана-Лондон-Астана

ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығының ғылым-әдістеме жауаптысы, с.ш.

 

Енгізілген уақыты : 28.02.2009 18:51
 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız