Тұңғыш Азия Чемпионатының қорытындысы PDF Печать E-mail
Автор: Administrator   
16.01.2010 10:53

Тоғызқұмалақ тарихында және бір тарихи тұңғыш оқиға болды. 2009 жылы 19-26 қазан аралығында Шымкентте тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа 9 елден барлығы 31 ойыншы қатысты:  Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Азербайжан, Түркмения, Ресей, Монғолия, Қытай, Түркия. Ойын швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Ойын нәтижесі төмендегідей:
ерлер арасында
1 орын Айдос Сейтжанов (Астана/Қазақстан),
2 орын Серік Ақтаев (Павлодар/Қазақстан),
3 орын Ғалымжан Темірбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы/Қазақстан);
ал қыздар арасында:
1 орын Диана Кенина (Павлодар/Қазақстан),
2 орын Әсел Далиева (Қызылорда/Қазақстан),
3 орын Салтанат Сапарбековаға (Оңтүстік Қазақстан облысы/Қазақстан)      бұйырды.

Командалық есепте ерлер арасында:
1 орын - Қазақстан
2 орын - Қырғызстан
3 орын - Монғолия

қыздар арасында:
1 орын - Қазақстан
2 орын - Қырғызстан
3 орын - Өзбекстан

Осылайша Азия жеңімпазы атағын өзара бөліске салған отандастарымыз шетелдік ойыншыларға дес бермеді. Жалпы жарыстың өту барысы мен ұйымдастыру деңгейі өте жоғары өтті деп айтуға болады. Жарысқа өз елдерінің мықты спортшылары қатысты, соның ішінде қырғызстандық екі халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де қатысқанын атап айтқан жөн. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом және медалдармен марапатталды. Чемпионат барысындағы тағы да бір маңызды шара ол - спорт шеберлері арасындағы соңғы шешуші ойындардың www.9kumalak.kz сайтында әрбір жүрістен соң жарияланып отырылуы еді. Осы арқылы І Азияның ашық чемпионатына қызығушылық білдіріп отырған әлемнің кез келген түкпірінен азаматтар бақылап қызықтай алды.
Келесі Азия чемпионаты 2011 жылы Қырғызстанда өтетін болып жоспарланды. Ал қазақ ақыл-ой спортының майталмандары келесі жылы Астана қаласында өтетін Әлем біріншілігіне дайындықты пысықтауда.

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.

САУАЛНАМА

Тоғызқұмалақ қауымдастығының атқарып жатқан жұмыстарына көңіліңіз толады ма?
 

СӘЛЕМДЕМЕ

!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü. Selamlar. Arslan Küçükyıldız