ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
ҚОНАҚТА
Қазір 2 қонақтар онлайнІЗДЕУ
| Тоғызқұмалақтан 2010 жылғы республикалық чемпионаттарды өткізу РЕГЛАМЕНТІ |
|
|
|
| Автор: Administrator | ||||||||||||||
| 16.01.2010 10:45 | ||||||||||||||
|
Бекітемін Келісемін ҚР Туризм және спорт Қазақстан Республикасының Министрлігінің Спорт Тоғызқұмалақ Федерациясының комитетінің төрағасы Президенті ____________ А. Құлназаров ___________ А. Байменов «___» _____________ 2009 ж. «___» _______________2009 ж.
Тоғызқұмалақтан 2010 жылғы республикалық чемпионаттарды өткізу РЕГЛАМЕНТІ
І.Мақсаты мен міндеттері 1. Жастарды тәрбиелеу, олардың ой-өрісін, санасын шынықтыру; 2. Ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту; 3. Спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру.
ІІ. Өткізілетін жері және мерзімі Жарыстар Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігінің Спорт комитеті бекіткен Ережеге сәйкес өткізіледі. 1. Қазақстан Республикасының жекелей, жекелей-блиц және рапид Чемпионаты 2009 ж. 17-27 ақпан аралығында Екібастұз қаласында өтеді. Әр спортшыға бір партияға жекелей-блицте – 7 минут, ал рапидте – 20 минут уақыт беріледі. Командалардың келу күні – 08 ақпан. Команда құрамы 14 адам (6 ер, 6 әйел, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы). Чемпионатқа мүшелік жарна төлеу арқылы әр облыс қосымша 12 спортшыға дейін қатыстыра алады. Әр жас ерекшелігінде 12 спортшыдан аспауы тиіс. Командалардың қайту күні – 27 ақпан. 2. Қазақстан Республикасының жасөспірімдерінің жекелей және жекелей-блиц Чемпионаты 2010 ж. наурыз айының 24-31 жұлдыз аралығында Қызылорда қаласында өтеді. Командалардың келу күні – 24 наурыз. Команда құрамы 15 адам (2000 ж-ғы 2 ұл, 2 қыз, 1998 ж-ғы 2-ұл, 2 қыз, 1996 ж-ғы 2 ұл, 2 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы, 1 төреші). Чемпионатқа мүшелік жарна төлеу арқылы әр облыс қосымша 24 спортшыға дейін қатыстыра алады. Ұйымдастырушы облыс мүшелік жарнаны төлемейді. Әр жас ерекшелігінде 6 спортшыдан аспауы тиіс. Командалардың қайту күні – 31 наурыз. 3. Қазақстан Республикасының ардагерлерінің ашық Чемпионаты 2009 ж. Сәуір айында Тараз қаласында өтеді. Командалардың келу күні – қосымша хабарланады. Команда құрамы 10 адам ( 2 ер, 2 әйел, 40 жастан жоғары, 2 ер, 2 әйел 60 жастан жоғары, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы). Чемпионатқа мүшелік жарна төлеу арқылы әр облыс қосымша 16 спортшыға дейін қатыстыра алады. Ұйымдастырушы облыс мүшелік жарна төлемейді. Әр жас ерекшелігінде 6 спортшыдан аспауы тиіс. 4. Қазақстан Республикасының кубогі 2009 ж. маусым айының 01-07 жұлдызы аралығында Екібастұз қаласында өтеді. Командалардың келу күні – 01 маусым. Команда құрамы 8 адам (3 ер, 3 әйел, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы). Команда құрамына қосымша 2 спортшыны ауысым үшін /замена/ қосуға болады. Ол спортшылар тапсырыста көрсетіледі. Командалардың қайту күні – 08 маусым. . 5. Қазақстан Республикасының командалық Чемпионаты 2009 ж. 19-26 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласында өтеді. Командалардың келу күні – 19 қыркүйек. Команда құрамы 8 адам (3 ер, 3 әйел, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы). Команда құрамына қосымша 2 спортшыны ауысым үшін /замена/ қосуға болады. Командалардың қайту күні – 26 қыркүйек. 6. Қазақстан Республикасының жастар Чемпионаты 2009 ж. қараша айының 04-11 жұлдызы аралығында Алматы қаласында өтеді. Командалардың келу күні – 04 қараша. Команда құрамы 15 адам (1990 ж-ғы 2 ұл, 2 қыз, 1992 ж-ғы 2-ұл, 2 қыз, 1994 ж-ғы 2 ұл, 2 қыз, 1 жаттықтырушы, 1 басқарушы, 1 төреші). Чемпионатқа мүшелік жарна төлеу арқылы әр облыс қосымша 24 спортшыға дейін қатыстыра алады. Әр жас ерекшелігінде 6 спортшыдан аспауы тиіс. Ұйымдастырушы облыс мүшелік жарна төлемейді. Командалардың қайту күні – 11 қараша.
ІІІ. Жарыс нәтижесін бағалау жүйесі Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Спорт комитеті бекіткен Ережеге сәйкес анықталады. Жекелей біріншіліктерде жеңімпаздар жеке ойыншының көрсеткен нәтижесіне байланысты анықталады. Жекелей-командалық біріншіліктерде командалық орындар команда құрамындағы әрбір спортшының көрсеткен нәтижесіне байланысты анықталады. Команда құрамы және жас мөлшері жарыс ережесінде көрсетіледі.
ІY. Жарыстың өткізілуіне басшылық ету Жалпы басшылық Қазақстан Республикасының Спорт комитетіне жүктеледі. Негізгі жарысты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Спорт комитеті бекіткен бас төрешілер алқасы және жергілікті жердегі спорт басқармалары жүзеге асырады.
Ү. Марапаттау рәсімі Жекелей және командалық есепте 1-2-3 орын иеленген спортшылар Қазақстан Республикасының Спорт комитетінің тағайындаған дипломдары, медальдары және ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы мен жергілікті спорт басқармасы тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне спорттық атақтар мен дәрежелер Бірыңғай спорттық жіктемеге сәйкес беріледі.
ҮІ.Қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары Спорт комитеті тарапынан шақырылған төрешілердің (жолы, тамағы, қонақ үйі, төсегі) жалпы төрешілердің жұмыс ақысы, тамағы шығындары Қазақстан Республикасының Спорт комитеті тарапынан жүзеге асырылады. Қатысушы спортшылар және жаттықтырушылар, басқарушылар іс-сапарына байланысты шығындарды, жарыс өтетін жерге дейінгі келіп-кету жол шығынын, жарыс кезіндегі күнделікті тамақтану, орналасу, басқа да шығындар іс-сапарға жіберуші мекемелердің есебінен жүзеге асырылады.
ҮІІ. Тапсырыс Жарыстың алдын-ала тапсырысы жарыс басталғанша 15 күн бұрын беріледі. Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.
Жарысқа қатысатын командалар ойынға әр екі ойыншыға 1 тақта және 1 сағат алып келуі керек. Қазақстан Республикасының жастар және жасөспірімдерінің чемпионатына қатысушылардың тууы туралы куәліктері және оқу орнынан анықтамалары болуы тиіс. Әрбір ресми чемпионатқа облыстық біріншіліктердің нәтижелер кестесі қоса әкелінуі керек.
ҮІІІ. Төрешілер алқасының сандық құрамы Жарыстың төрешілер алқасының құрамы біріншіліктің басталуына 10 күн қалғанға дейін ұйымдастыру алқасы тарапынан анықталуы тиіс. Төрешілер алқасының құрамына: бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары және линиялық төрешілер кіреді. Төрешілердің саны жарысқа қатысушы спортшылардың санына байланысты анықталады. Дәрігер төрешілер алқасының құрамына кіреді. Жарыс кезінде төрешілер арнайы киімде жүруі тиіс.
ІХ. Дәрігерлік-санитарлық жабдықтау және техникалық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен командалық жарыстарында дәрігердің болуы міндетті. Жарыс барысында ол санитарлық-гигиеналық және медициналық мәселелер туындаған жағдайда жауапты. Жарысты ұйымдастыру алқасы медицина қызметкерлерінің жұмысын төлеуге міндетті. Жарыс кезіндегі спортшылардың қауіпсіздігіне ұйымдастырушылар мен команда басқарушысы жауапты.
Х. Наразылық хатын беру мен қараудың шарттары Барлық наразылық хаттары Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының кодексіне сәйкес берілуі тиіс. Спортшылар тарапынан төрешінің шешіміне күмән туған жағдайда, төрешілер алқасына наразылық хатын команданың басқарушысы арқылы беруіне болады. Төрешілер алқасы бас төрешінің қатысуымен наразылық хаты түскен сәттен бастап міндетті түрде қарастыруы тиіс. Төрешілер алқасының наразылық хаты бойынша шешімі аяқталған болып есептелінеді және қайта қарастыруға жатпайды. |
||||||||||||||
| Енгізілген уақыты : 16.01.2010 11:06 |


