ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
ҚОНАҚТА
Қазір 3 қонақтар онлайнІЗДЕУ
| Бүгін тоғызқұмалақтан І Азияның ашық чемпионаты басталды |
|
|
|
| Автор: Administrator |
| 20.10.2009 14:32 |
Қазақтың төл зияткерлік ойыны тоғызқұмалақ соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Тоғызқұмалақ қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт министрлігі, облыс әкімшіліктерінің қолдауы арқасында бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа халықаралық деңгейде де қызығушылық өсіп келеді. Қазір тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда. Тоғызқұмалақ үш рет 2006 жылы – Лондонда, 2008 және 2009 жылдары Чехияда дүниежүзілік зияткерлік олимпиаданың бағдарламасына енді. 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді. Шетелдегі қазақтар үшін Англияда /2009 ж./, Қытайда /2008 ж./, Түркияда /2007, 2008 ж./, Өзбекстанда /2009 ж./, Ресейде /2007-2008 жж./ бірнеше таныстырушылық шаралар, жарыстар ұйымдастырылды. Тоғызқұмалақ тарихында тағы да бір тарихи маңызды оқиға болғалы отыр. Ол – 19-26 қазан аралығында Шымкент қаласында өтетін І Азияның ашық чемпионаты. Чемпионатты Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті және Оңтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. Жарысқа Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түркмения елдерінің ең таңдаулы спорт шеберлері қатысады деп күтілуде. Еліміздің құрамасында ерлер арасында Ғ.Темірбаев, А.Сейтжанов, С.Ақтаев, қыздар арасында Ә.Далиева, С.Сапарбекова, Д.Кенина, А.Такишевалар өнер көрсетеді. Жарыстың бас төрешісі – жоғары дәрежелі ұлттық төреші – Жақсылық Тургамбаев (Кентау, Қазақстан), Бас хатшысы – жоғары дәрежелі ұлттық төреші – Ануар Алабердов (Черкесск, Ресей) Бүгінгі күннің тағы бір маңызды оқиғасы 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ зияткерлік ойын тіркеліп, www.iggamecenter.com – сайтында тоғызқұмалақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағдарламасы жасалынды. Алдағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы электрондық бағдарламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партияларын талдауға, сақтауға болады. Бұл туралы www.9kumalak.kz сайтынан толығырақ біле аласыз. www.iggamecenter.com 2007 жылы 10 маусымда Arty Sandler есімді азаматтың бастамасымен дүниеге келген дүниежүзілік интеллектуалды ойындардың шоғырланған жері. Өзінің бұл бастамасы туралы Arty былай дейді: «Одан бері көптеген жылдар өтті. Интернет дәуірінің басталуымен мен әлемдегі көптеген интеллектуалды ойындарды әр жерлерде интернет арқылы ойнап жүрдім. Кейіннен маған одан да өзімнің тұрақты ойнайтын ойын алаңымды жасасам деген ой келді. Осылайша мен өзімнің хоббиімді жандандырдым». Тоғызқұмалақ ойыны мұнда 96-шы болып тіркелген. Мұндағы деректерге сүйене отырып, мынадай мағлұматтарға көз жеткізуге болады. Соңғы отыз күн ішінде ең танымал болған 82 ойынның тізімі берілген, тоғызқұмалақ рет саны бойынша екінші болып тұр. Ал соңғы жеті күнде ең танымал болған 54 ойынның ішінде тоғызқұмалақ бірінші орында. Бұл сайтқа әрбір адам тіркеліп қалаған ойынын ойнай алады. Тоғызқұмалақтың ойын терезесін ашу арқылы мынадай мүмкіндіктерге ие болуға болады: көп орын бөлінген оң жақ бөлігінде тақта, оның астыңғы жағында чат орналасқан. Осы чат арқылы қарсыласыңызбен және бақылаушы қонақтармен әңгімелесіп отыруға болады. Ал сол жақ бөлігінің үстінде ойналған ойынның жүрістері жазылып отырады. Одан төменгі пернелерді қолдану арқылы қаласаңыз сағат белгілеп ойнай аласыз. Осы жерде ойынның ережесімен танысуға болады. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі төрт тілде: орыс, ағылшын, неміс және португал тілдерінде берілген. Осы ереженің соңында ағылшын, португал, түрік тілдеріне аударылған ойынның тарихы, ережесі және кейбір турнирлердің суреттері мен тоғызқұмалақ туралы шыққан еңбектердің тізімі орналастырылған сілтеме бар. Ақпарат алу үшін қауымдастықтың төрағасы – Алихан Байменовке (87017112378 - ұялы телефонына немесе
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
), атқарушы директоры Мақсат Шотаевқа (87014267642 - ұялы телефонына немесе
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
) және ақпарат бөлімінің жетекшісі Ы.Абдужаппаровқа (87015575406 - ұялы телефонына немесе
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
) хабарласуға және www.9kumalak.kz сайтынан мәлімет алуға болады. ҚР Тоғызқұмалақ қауымдастығы |
ХАБАРЛАНДЫРУ
2010 жылдың 12-17 мамыр күндері Қызылорда қаласында Тоғызқұмалақтан 1-інші ауыл жастарының спартакиадасы өтеді. Қатысам деушілерге есік ашық! Сұрақтарыңызды mshotay@mail.ru поштасына жіберіңіздер.
САУАЛНАМА
СӘЛЕМДЕМЕ
!Warning! JavaScript must be enabled for proper operation.
Галымжан says:
2010-09-02 10:14:13
Галым Айткожа
Тогызкумалак жайлы сонгы кездерде шыккан китап окулыктарды кайдан тапса болады
Галымжан says:
2010-09-02 06:18:08
Галым Айткожа
Салем
Guest Мақсат says:
2010-07-26 06:20:02
Қауымдастық Кубогі
Құрметті әріптестер! 13-18 тамыз күндері Түркістан қаласында тоғызқұмалақтанҚазақсатн Республикасының Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кубогі үшін жарыс өтеді. Қатысамын деушілерге есік аық
Guest Maxat says:
2010-07-05 10:29:46
Sait tyrali
Aldagi uakitta saytti ji janartamiz. AKzir administarator Shimkenntte tyratindiktan, osindai kinshiliktar bar. Maksat
2010-06-30 07:55:30
Maksat Bey
Layli Goobalay adlı Somali'deki oyunun adı dikkatimi çekti. Goobalay sözünün Kumalak'tan geldiğini düşündürdü.
Selamlar.
Arslan Küçükyıldız


